Сицзан автономиялық районында 7,0 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді
Бейсенбі күні Бейжің уақытымен сағат 22:33-те Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сицзан автономиялық районының Нагчу қаласына қарасты Бакэн уезінде магнитудасы 7,0 жер сілкінісі болды. Бұл туралы Қытай сейсмологиялық желілер орталығына (CENC) сілтеме жасап, «Синьхуа» агенттігі хабарлады.
Агенттіктің мәліметінше, жерасты дүмпулерінің эпицентрі 10 шақырым тереңдікте орналасқан. Сілкініс координаттары: 32,40 градус солтүстік ендік және 93,79 градус шығыс бойлық.
Жер сілкінісінен кейін Қытайдың сейсмологиялық басқармасы төтенше жағдайға ден қоюдың екінші деңгейін жариялады.




