Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
23 қазан 2026, жұма USD 447,9 EUR 502,3 RUB 5,52 CNY 67,1 Астана 0° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Ауа райы қолайсыздығынан бес автожол учаскесінде қозғалыс шектелді

Қар мен көктайғаққа байланысты Шығыс Қазақстан мен Қарағанды облыстарындағы бес автожол учаскесінде көлік қозғалысы шектелді.

Ауа райы қолайсыздығынан бес автожол учаскесінде қозғалыс шектелді
Сурет: aikyn.kz

Қар жауып, көктайғақ болуына байланысты республикалық және облыстық маңыздағы бірнеше автожол учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Шығыс Қазақстан облысында үш бағыт жабылды: «Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары», «Өскемен – Риддер – РФ шекарасы» және «Өскемен – Тарғын – Самарское».

Сонымен қатар ШҚО мен Қарағанды облысы аумағында өтетін екі учаскеде де қозғалыс тоқтатылды: «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» және «Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Бұғаз».

ТЖМ жүргізушілерді ауа райы жағдайын ескеруге, енгізілген шектеулерді сақтауға және жабық жол учаскелеріне шықпауға шақырады.