Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
23 қазан 2026, жұма USD 447,9 EUR 502,3 RUB 5,52 CNY 67,1 Астана 0° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

ШҚО-да тұрғын үй өртеніп, әйел мен екі бала қаза тапты

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданындағы Бобровка ауылында жеке тұрғын үй өртеніп, әйел мен екі бала қаза тапты. Өрт аумағы 63 шаршы метрді құрады.

ШҚО-да тұрғын үй өртеніп, әйел мен екі бала қаза тапты
Сурет: baq.kz

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданындағы Бобровка ауылында бір қабатты жеке тұрғын үйде өрт шығып, үш адамның өмірін жалмады. Қаза тапқандар — үй иесі әйел және екі бала.

Өрт туралы хабар кезекші пультіне түскен бойда оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері жедел жетті. Құтқарушылар келгенде үй толығымен жалынға оранған, шатырдың ағаш құрылымдары опырылып құлаған еді.

Өртті барлау және сөндіру барысында құтқарушылар үй иесінің және өмір белгілері жоқ екі баланың денесін тапты.

Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт шарпыған аумақ 63 шаршы метрді құрады.

Қазіргі уақытта оқиға орнында өрт сынақ зертханасының мамандары жұмыс істеп жатыр. Өрттің шығу себебі мен мән-жайы анықталуда.