Трамп Ресейге санкцияларды күшейтпейтінін айтты
АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейге қарсы шектеу шараларын әзірге күшейтпейтінін мәлімдеді. Ол Мәскеу мен Вашингтон Украинадағы соғысты реттеу жөніндегі келісімге жақындауы мүмкін екенін айтты.
Трамптың сөзінше, АҚШ пен Ресей Украина мәселесі бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр. Оның пікірінше, тараптар ұзақ уақыттан бері алғаш рет келісімге жақындауы мүмкін.
«Егер келісімге жақын болсаңыз және өте нәзік келіссөздер жүргізіп жатсаңыз, санкция салмаңыз», – деді АҚШ президенті Ақ үйдің Оңтүстік көгалында журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.
Сонымен қатар Трамп Ресейге қатысты шектеу шараларын кез келген уақытта енгізуге өкілеттігі бар екенін атап өтті.




