Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
10 тамыз 2026, дүйсенбі USD 469,9 EUR 541,6 RUB 5,71 CNY 69,7 Астана +19° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Шолпан-Атада Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтті: бірқатар қорытынды құжат қабылданды

Шолпан-Ата қаласында өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы аясында Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров ЕҮАК-ке мүше мемлекеттер делегацияларының басшыларымен ұжымдық кездесу өткізді.

Шолпан-Атада Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтті: бірқатар қорытынды құжат қабылданды

Шолпан-Ата қаласында өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы аясында Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров ЕҮАК-ке мүше мемлекеттер делегацияларының басшыларымен ұжымдық кездесу өткізді.

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровқа Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы ықыласы мен ізгі тілектерін жеткізді. Кездесу барысында екі елдің көшбасшылары арасындағы сенімге құрылған саяси диалог пен өзара түсіністікке негізделген одақтастық қатынастарды одан әрі нығайтуға ықпал етіп отырғаны атап өтілді. Кейінгі 5 жылда қазақ-қырғыз тауар айналымы 2 есеге артып, 2,2 млрд долларды құрады.

ЕҮАК-тің кеңейтілген құрамдағы отырысында Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығын одан әрі дамыту, салалық интеграцияны тереңдету, цифрлық өзара іс-қимылды кеңейту, қаржы-экономикалық тетіктерді жетілдіру және Одаққа мүше мемлекеттердің бірлескен жұмысын үйлестіру мәселелері қаралды. Атап айтқанда, жүк теміржол тасымалдары мен көлік дәліздерін цифрландыру, электрондық сауда, климат саласындағы ынтымақтастық және өзге де бағыттар талқыланды.

Олжас Бектенов қазіргі сыртқы сын-қатерлер жағдайында экономикалық ынтымақтастықты нығайтудың маңызы арта түскенін атап өтті. Оның айтуынша, 2025 жылы ЕАЭО елдері ішіндегі тауар айналымы 95 млрд долларды құрады. Биыл бұл көрсеткіш 7,3 пайызға өсіп, 102 млрд долларға дейін жетеді деп күтілуде.

ЕҮАК қызметінің басым бағыттары қатарына цифрлық сауда тетіктерін дамыту, ЕАЭО-ның интеграцияланған ақпараттық жүйесі аясында жасанды интеллект технологияларын енгізу, тамақ өнімдерінің мүше мемлекеттерге қолжетімділігін қамтамасыз ететін тетіктерді жетілдіру жатады.

Тамақ өнеркәсібі саласында Қазақстанның экспорттық әлеуеті артып келе жатқаны атап өтілді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша мал және өсімдік тектес өнімдерді, сондай-ақ дайын азық-түлік тауарларын жеткізу көлемі шамамен 7 млрд долларды құрады. Биылғы қаңтар–мамыр айларының қорытындысы бойынша 3,6 млрд долларға жетті.

«Қазақстан Президенті 2026 жылды ресми түрде Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялады. Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясының аса маңызды бағыттарының қатарында Екібастұз қаласындағы ДӨО алқабын құру жобасы бар.»

Жоба халықаралық деңгейдегі цифрлық инфрақұрылымды қалыптастыруға және Қазақстанның Еуразиядағы цифрлық хабтардың бірі ретіндегі орнын нығайтуға мүмкіндік береді. 125 МВт болатын алғашқы есептеу қуатын іске қосу келесі жылдың маусым айына жоспарланған.

ЕҮАК отырысының қорытындысы бойынша алты құжатқа қол қойылды. Олардың ішінде ЕАЭО-дағы тауарлардың электрондық саудасы туралы келісім бар, оны жүзеге асыру электрондық коммерцияны қарқынды дамытуға, бизнес үшін мүмкіндіктерді кеңейтуге және қатысушылардың әріптестер нарығына қол жеткізуде анағұрлым қолайлы жағдайлар қалыптастыруға ықпал ететін болады. Бұдан басқа, Одаққа мүше мемлекеттердегі ғылыми атақтар туралы құжаттарды өзара тану туралы келісім, сондай-ақ ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері бойынша бірқатар өкімдер қабылданды.

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысы 1-2 қазанда Минск қаласында (Беларусь) өтеді.

Дереккөз: PrimeMinister.kz