Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Монбланда тас құлап, чех альпинисі қаза тапты

Франциядағы Монблан тауында 10 қыркүйекте тас құлап, Чехиядан келген 40 жастағы альпинист қаза тапты. Оның серігі ауруханаға жеткізілді.

Монбланда тас құлап, чех альпинисі қаза тапты
Сурет: baq.kz

Франциядағы Монблан тауына көтерілу кезінде Чехия азаматы альпинист тас астында қалып, көз жұмды. Бұл туралы құтқару қызметіне сілтеме жасап, Le Dauphiné Libéré басылымы хабарлады.

Оқиға 10 қыркүйекте Сен-Жерве коммунасының үстіндегі Гутер кулуарында болды. Екі альпинист қауіпті учаскеден өтіп бара жатқанда, тас құлап, шамамен 40 жастағы ер адам бірнеше ондаған метр төменге құлап кетті.

Жарақат алмаған серігі құтқарушыларды шақырды. Ауа райының қолайсыздығына байланысты операцияға Анси қаласынан тікұшақ жіберілді.

Алайда альпинист алған жарақаттарынан көз жұмды. Оның серігі шок жағдайында тікұшақпен эвакуацияланып, ауруханаға жеткізілді.

Гутер кулуары тұрақты тас құлау қаупіне байланысты Монбланға көтерілетін дәстүрлі бағыттың ең қауіпті учаскелерінің бірі саналады. Бұған дейін шілде айында осы маңда тас құлауынан екі альпинист қаза тапқан.