Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
20 тамыз 2026, бейсенбі USD 462,2 EUR 536,5 RUB 5,43 CNY 68,6 Астана +18° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Жүргізуші куәлігі емтиханын жеке ұйымдар қабылдай ма? ІІМ мәлімдемесі

ІІМ жүргізуші куәлігіне емтихан қабылдауды жеке ұйымдарға беру мәселесі қарастырылмайтынын мәлімдеді.

Жүргізуші куәлігі емтиханын жеке ұйымдар қабылдай ма? ІІМ мәлімдемесі
Сурет: inform.kz

Әлеуметтік желілерде автомектептерді есепке алу, оқу топтарын тіркеу және көлік құралдарын басқару құқығына емтихан қабылдау функциялары жеке ұйымдарға беріледі деген ақпарат тарады. Бұл мәліметтің рас еместігін Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы (JAQ) хабарлады.

Орталықтың ресми арнасындағы мәлімдемеге сәйкес, ҚР Ішкі істер министрлігі бұл мәселені қарастырып жатқан жоқ. ІІМ-нің JAQ-ға берген жауабында көлік құралдарын басқару құқығын алуға арналған емтихандарды қабылдау функциясын жеке ұйымдарға беру жоспарланбайтыны айтылған.

Сонымен қатар, автомектептерді есепке алу және оқу топтарын тіркеу мемлекеттік функциялар болып қала береді. Бұл функциялар «Жол жүрісі туралы» Заңның 77-бабына сәйкес ІІМ балансындағы «Автомектеп» мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Орталық азаматтарды тек ресми ақпаратқа сенуге және расталмаған мәліметтерді таратпауға шақырады. Бұл жаңалық автомектеп жұмысына қатысты жаңа талаптар енгізілуі мүмкін деген мәліметтердің фонында пайда болды. Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы жүргізушілерді даярлау сапасын арттырып, жол қауіпсіздігін күшейтуді көздейді.