Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +5° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Жібек Құламбаева Антальядағы WTA 125 турнирінің жартылай финалына шықты

Жібек Құламбаева Антальядағы WTA 125 турнирінің жартылай финалына шықты
Сурет: aikyn.kz

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан WTA 125 санатындағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды. Ол жұптық сында Үндістан өкілі Рутуджа Бхосале мен бірге өнер көрсетуде.

ҚР ҰОК мәліметінше, ширек финалда Құламбаева мен Бхосале испаниялық Ирене Бурильо Эскорихуэла және Лейре Ромеро дуэтімен кездесіп, екі сетте де басым түсіп, 6:0, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Матч 1 сағат 18 минутқа созылды.

Бұған дейін Құламбаева мен Бхосале Польша өкілі Гина Файстель мен Кипр атынан өнер көрсететін Ралука Сербанды 6:2, 6:2 есебімен ұтқан болатын.