Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
10 тамыз 2026, дүйсенбі USD 469,9 EUR 541,6 RUB 5,71 CNY 69,7 Астана +19° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Жезқазғанда той кортежі жол ережесін бұзғаны үшін жауапқа тартылды

Жезқазғанда той кортежі жол ережесін бұзғаны үшін 6 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, екі көлік айыптұраққа қойылды.

Жезқазғанда той кортежі жол ережесін бұзғаны үшін жауапқа тартылды
Сурет: baq.kz

Жезқазған қаласында той кортежінің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны анықталды. Оқиға 8 тамыз күні Сарыарқа көшесінде болған.

Жедел басқару орталығының инспекторлары бейнебақылау камералары арқылы автоколоннаның бірнеше заңбұзушылығын тіркеген. Тексеру барысында жолаушылардың көлік терезесінен денесін шығарғаны, жүргізу құқығы жоқ адамға көлік басқаруға берілгені және қарсы бағыттағы жол жолағына шыққаны анықталды.

Құқық бұзушылықтарға байланысты 6 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар екі көлік арнайы айыптұраққа қойылды.

Полиция жүргізушілер мен жолаушыларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, өзге азаматтардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін әрекеттерге жол бермеуге шақырды.