Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
10 тамыз 2026, дүйсенбі USD 469,9 EUR 541,6 RUB 5,71 CNY 69,7 Астана +33° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Жезқазғанда той керуені жол ережесін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды

Жезқазғанда той керуені жол ережесін бұзды: алты адам жауапкершілікке тартылып, екі көлік айыппұл тұрағына қойылды.

Жезқазғанда той керуені жол ережесін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды
Видеодан кадр

Жезқазған қаласында той керуені қала көшелерінде жол қозғалысы ережелерін бұзды. Нәтижесінде алты адам жауапкершілікке тартылып, екі көлік айыппұл тұрағына жіберілді.

Автокөліктер шеруі 8 тамыз күні Сарыарқа көшесіндегі бейнебақылау камералары арқылы анықталған. Полиция анықтағандай, көліктер той мерекесіне бет алған.

Сапар барысында жолаушылар көлік терезелерінен сыртқа шығып, бір жүргізуші басқару құқығы жоқ адамға рөлді тапсырған, сондай-ақ қарсы бағытқа шығу дерегі тіркелген.