Жетісу облысында букмекерлік ойынға қатысқан екі шенеунік қызметінен босатылды
Жетісу облысы Көксу ауданында прокуратура жүргізген тексеру барысында жекелеген мемлекеттік қызметшілердің букмекерлік кеңсенің мобильді қосымшасы арқылы жүйелі түрде бәс тіккені анықталды. Олардың ойын шоттарын толықтыруға жұмсаған жалпы сомасы 7,7 миллион теңгеден асқан.
Прокурорлық ден қою актісінің нәтижесінде тәртіптік комиссия екі лауазымды тұлғаны қызметінен босатты. Олардың бірі – мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 20 жылдан асатын аудандық бөлімше басшысы.




