Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +5° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Жазира Байырбекова қыз баланың қадірі туралы ойын білдірді

Әнші Жазира Байырбекова қыз баланың қадірі туралы ойын білдіріп, оларды кішкентайынан құрметтеуге шақырды. Желі қолданушылары оның пікірін қолдады.

Жазира Байырбекова қыз баланың қадірі туралы ойын білдірді
Сурет: aikyn.kz

Әнші Жазира Байырбекова қыз баланың қоғамдағы орны жайлы пікірін айтты. Ол қыздарды кішкентайынан құрметтеуге шақырып, олардың қадірі тұрмысқа шыққаннан кейін емес, дүниеге келген күннен бастап жоғары болуы тиіс екенін жеткізді.

«Қыз – елдің болашағы. Бүгінгі қыз – ертеңгі ана, ардақты жар, аяулы әже, бір әулеттің берекесін кіргізер шаңырақтың ұйытқысы. „Қыздың жолы жіңішке“ дейді халқымыз. Қыз баланың тәрбиесі мен қадірі – бір отбасының емес, тұтас ұлттың тәрбиесі. Өйткені отбасының берекесі әйелден басталып, баланың тәрбиесі анадан қалыптасады. Қыз баланы төрге шығарып, „қонақ“ деп емес, сол үйдің гүлі, жүрегі, бақыты деп қадірлеген қазақпыз. Қыздың қадірі – тұрмысқа шыққан соң емес, дүниеге келген күннен биік болуы керек. Ертеңгі жар болар қызды бүгіннен құрметтеу – ертеңгі ананы, болашақ әулетті құрметтеу. Қыз қадірленген үйде береке бар. Анасы ардақталған үйде тәрбие бар. Әйелі сыйланған шаңырақта бақыт бар. Сондықтан қыз баланың қадірі қашанда биік болсын!» – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары әншінің бұл пікірін қолдап, зорлық-зомбылық оқиғалары жиілеген кезде оның үнсіз қалмағанына ризашылық білдірді.

«Өте орынды әрі жүрекке жететін ой айтылған! Қыз баланың қадірін осылай әдемі жеткізу үлкен мәдениет пен терең даналықтың белгісі. Жазира ханым өзекті тақырыптарға әдемі ойларыңыз ұнайды», «Қыз баланың бағы – барған жерінде», «Өте дұрыс айтылған сөз», – деп жазды олар.