Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Жәнібектің Ширазбен жекпе-жегі коммерциялық тұрғыдан тиімсіз — сарапшы

WBO Жәнібек Әлімханұлын Хамза Шираздың белбеуіне міндетті үміткер ретінде бекітті. Сарапшы Том Гэлмнің пікірінше, бұл жекпе-жек коммерциялық тұрғыдан тиімсіз.

Жәнібектің Ширазбен жекпе-жегі коммерциялық тұрғыдан тиімсіз — сарапшы
Сурет: aikyn.kz

WBO Жәнібек Әлімханұлын Хамза Шираздың чемпиондық белбеуіне міндетті үміткер ретінде бекітіп, тараптарға келіссөз жүргізуді тапсырған. Боксшылардың өкілдері 20 күн ішінде мәмілеге келе алмаса, жекпе-жекті ұйымдастыру құқығы промоутерлік саудаға шығарылады.

Журналист Том Гэлмнің пікірінше, Жәнібек Шираз үшін өте қауіпті қарсылас, алайда коммерциялық жағынан аса тиімді нұсқа емес. «Әлімханұлы бизнес тұрғысынан тартымдылығы төмен жекпе-жекті білдіреді. Оның Ширазды жеңуге жететін шеберлігі де, күші де бар. Бірақ бұл тәуекелді ақтайтындай аудиториясы жеткіліксіз», – деп жазды ол.

Сарапшының айтуынша, Жәнібекті жеңу Шираздың беделін арттырғанымен, жеңіліс оның болашақтағы табысты жекпе-жектеріне кері әсер етуі мүмкін. Бұған Жәнібектің спорттық деңгейі емес, жекпе-жектің коммерциялық тартымдылығы себеп болуы ықтимал.