Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
16 қазан 2026, жұма USD 454,1 EUR 509,2 RUB 5,41 CNY 67,9 Астана +3° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Жанель Мақажан: Отбасылардың 80 пайызы ененің кесірінен ажырасады

Актриса Жанель Мақажан әлеуметтік желіде отбасылардың 80 пайызы ененің кесірінен ажырасатынын мәлімдеді. Желі қолданушылары түрлі пікір білдірді.

Жанель Мақажан: Отбасылардың 80 пайызы ененің кесірінен ажырасады
Сурет: aikyn.kz

Актриса әрі блогер Жанель Мақажан әлеуметтік желідегі оқырман сұрағына жауап беріп, отбасылық мәселелерге қатысты пікірін білдірді.

Оның айтуынша, қазіргі таңда көптеген отбасы ененің кесірінен ажырасып жатыр.

«Мен бұл пікірге жауап беруім керек деп ойлаймын. Себебі біздің қоғамда, жалпы қазақ ер-азаматтарында анасы бірінші орында тұрғандықтан, көп отбасы ажырасып жатыр. Отбасылардың 80 пайызы ененің кесірінен ажырасады. Құдай ер мен әйелді жұп қылып жаратқан. Оны анасымен емес, жарымен бірге болу үшін қосқан», – дейді ол.

Желі қолданушылары бұл пікірге түрліше қарады. Бірі мұндай жағдайдың жиілегенін растаса, енді бірі әйел барған жеріндегі адамдармен тіл табыса білуі керек екенін айтты.

https://www.instagram.com/p/DeQ8ZxYMWFs/