Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
20 тамыз 2026, бейсенбі USD 462,2 EUR 536,5 RUB 5,43 CNY 68,6 Астана +19° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Зайсан ауданында ерікті өрт сөндіру бекеті ашылды

Зайсан ауданында ерікті өрт сөндіру бекеті ашылды
Сурет: aikyn.kz

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданындағы Біржан ауылында «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымының 238-ші бекеті өз жұмысын бастады.

Ашылу салтанатына Төтенше жағдайлар департаменті бастығының бірінші орынбасары Фархат Әміре, облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Баяхметов және ауыл тұрғындары қатысты.

Жаңа бекет жеке құраммен толық қамтамасыз етілген. Қызметкерлер арнайы дайындықтан өтіп, тәулік бойы кезекшілікке дайын. Бөлімше Төтенше жағдайлар министрлігінен өрт сөндіру техникасы, қажетті құрал-жабдықтар, арнайы киім және байланыс құралдарын алған.

Еріктілер оқиға орнына жедел жетіп, өртті бастапқы кезеңде оқшаулай алады және мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері келгенше алғашқы көмек көрсетеді.