Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +8° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Волонтерлік тәжірибе еңбек өтіліне есептелуі мүмкін

Волонтерлік тәжірибе еңбек өтіліне есептелуі мүмкін
Сурет: inform.kz

Қазақстанда волонтерлік тәжірибені еңбек өтіліне есептеу мүмкіндігі қарастырылуда. Бұл туралы жалпыұлттық онлайн-марафон барысында ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов мәлімдеді.

Вице-министрдің айтуынша, волонтерліктің Конституцияда бекітілуі — Қазақстанның бірегей тәжірибесі. Қазіргі уақытта министрлік волонтерлерді қолдау шараларын, оның ішінде оларды сақтандыру тетігін әзірлеп жатыр.

«Сондай-ақ волонтерлік тәжірибені жұмысқа орналасу кезінде еңбек өтілі ретінде есептеу мәселесімен жұмыс істеп жатырмыз. Бұл әсіресе студенттер үшін пайдалы болмақ», — деді Кочетов.

Бұған дейін елімізде волонтерлер саны 300 мыңнан асқаны хабарланған болатын.