Қазақ боксшысы Владислав Саможонов әлем чемпионатында техникалық нокаутпен жеңді
Черногорияның Будва қаласында World Boxing ұйымының U19 санатындағы әлем чемпионаты басталды. Жарыстың бірінші күнінде аса ауыр салмақта фавориттердің бірі саналатын Владислав Саможонов 1/8 финалда Хакан Дениз Коскунмен (Түркия) жолы түйісті.
ҚР Бокс федерациясының мәліметінше, алғашқы минуттан басымдықты қолға алған отандасымыз раунд сайын қарқынын арттырып, жекпе-жекті өз бақылауына алды. Осылайша техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Нәтижесінде төреші 3-раундта айқасты тоқтатып, жеңісті Владислав Саможоновқа берді.




