Ұлытау облысында құтқарушылар скутері бұзылған ер адамды тапты
Ұлытау облысында скутері бұзылып, қараңғыда адасып кеткен 44 жастағы ер адамды құтқарушылар тапты.
Ұлытау облысында «112» қызметіне 1982 жылы туған ер адамның жоғалғаны туралы хабарлама түскен. Ол Сәтбаев қаласынан «Спутник» саяжай алқабына қарай жолға шыққан.
Жолда скутері бұзылып, қараңғы түскен соң бағытынан адасып кеткен. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары мен полиция қызметкерлері жұмылдырылды.
Іздестіру аумағында бірнеше топ құрылып, іздеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде ер адам «Спутник» саяжай алқабынан 10 шақырым қашықтықта табылды.
Құтқарушылардың мәліметінше, ер адамның жағдайы жақсы, медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.




