Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Ұлттық ұланның 36 учаскесінде Құрылтай депутаттарын сайлау басталды

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 36 әскери бөлімінде Құрылтай депутаттарын сайлауға дауыс беру басталды.

Ұлттық ұланның 36 учаскесінде Құрылтай депутаттарын сайлау басталды

Бүгін елімізде Құрылтай депутаттарын сайлау өтіп жатыр. Дауыс беруге ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері белсенді қатысуда.

Дауыс беруді өткізу мақсатында әскери бөлімдердің аумағында 36 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Бұл ұландықтарға қызмет өткеру орны бойынша тікелей дауыс беруге мүмкіндік берді.

Сайлау учаскесінде алғашқылардың бірі болып Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Аңсаған Балтабеков дауыс берді. Ол таңғы сағат 6:00-де елордалық 5573 әскери бөлімінің аумағында орналасқан №266 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.

Бас қолбасшы өз үлгісімен әр азаматтың ел болашағына жауапкершілікпен қарап, оны айқындауға белсенді қатысуының маңызын көрсетті.

Дауыс беруге офицерлер, келісімшарт бойынша және мерзімді әскери қызметшілер, олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ Ұлттық ұлан ардагерлері қатысуда. Көптеген жас сарбаз сайлауда өмірінде алғаш рет дауыс берді. Ұландықтар арасында туған күнінде сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасағандар да болды.

Ұлттық ұланның жеке құрамы маңызды қоғамдық-саяси науқанға қатысуымен қатар, өзіне жүктелген қызметтік-жауынгерлік міндеттерін орындауды жалғастыруда. Күн сайын еліміздің 21 қаласында 7 мыңнан астам әскери қызметші қоғамдық тәртіпті сақтау мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметіне жұмылдырылған. Сайлау өтетін күні және дауыс беру аяқталғаннан кейін де ұландықтар тұрақты әрі қауіпсіз жағдайды қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.