Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
18 қазан 2026, жексенбі USD 452,1 EUR 509,0 RUB 5,41 CNY 67,6 Астана +3° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Уичито трагедиясы: футбол алаңына кірген жүк көлігі екі адамның өмірін қиды

Уичито трагедиясы: футбол алаңына кірген жүк көлігі екі адамның өмірін қиды
Сурет: baq.kz

АҚШ-тың Уичито қаласында балалар футбол матчы өтіп жатқан алаңға жүк көлігі соғылды. Салдарынан алты жасар бала мен 35 жастағы ер адам қаза тапты. Тағы 10 адам түрлі дәрежедегі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Уичито қалалық полициясының капитаны Аарон Мозес баспасөз мәслихатында алты жасар бала мен 35 жастағы ер адамның оқиға орнында көз жұмғанын мәлімдеді.

Жарақат алғандардың арасында бес жастағы екі бала, сегіз жастағы екі бала, тоғыз жастағы бір бала және бес ересек адам бар. Бұлардан бөлек, тағы бір ересек адам жарақатына қатысы жоқ денсаулығының нашарлауына байланысты ауруханаға жатқызылған.

Полицияның нақтылауынша, жүк көлігін 34 жастағы әйел басқарған. Оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.

Уичито қалалық полициясының басшысы Джо Салливан оқиғаға қатысты пікір білдірді: «Біз не болғанын білеміз. Бірақ қазір оқиғаның неліктен болғанын анықтау үшін жан-жақты жұмыс істеп жатырмыз. Әзірге түпкілікті қорытындыға келген жоқпыз».

Белгілі болғандай, әйел жүргізушінің өз баласы да осы спорт кешенінде футбол ойнаған. Оқиға кезінде жүк көлігінің салонында кәмелетке толмаған тағы екі жолаушы болған.