Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +5° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Түркістанда жол белгілері жаңартылуда

Түркістан қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру үшін жол таңбалары жаңартылуда. Жұмыстар тамыз-қыркүйек айларында аяқталады.

Түркістанда жол белгілері жаңартылуда

Түркістан қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында жол таңбаларын жаңарту жұмыстары басталды.

Жоспарға сәйкес, Тәуке хан даңғылы, Абай, Төле би және Т. Бегелдинов көшелерінде, сондай-ақ орталық және ішкі орам жолдарда жол бөлу сызықтары, жаяу жүргіншілер өткелдері және басқа да жол белгілері жаңартылады.

Қазіргі уақытта мектептер маңы мен адам көп жүретін аумақтарда жаяу жүргіншілер өткелдерін сызу жұмыстары жүргізілуде. Бұл шаралар оқушылар мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Жоспарланған жұмыстарды тамыз-қыркүйек айларында толық аяқтау көзделуде.