Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
20 тамыз 2026, бейсенбі USD 462,2 EUR 536,5 RUB 5,43 CNY 68,6 Астана +17° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Түркістанда Шәмші Қалдаяқовты еске алу шарасы өтті

Түркістанда қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай ескерткішіне гүл қою рәсімі өтіп, әндері орындалды.

Түркістанда Шәмші Қалдаяқовты еске алу шарасы өтті

«ЖЕТЕДІ ІҢКӘР ӘНІҢ
ТЕРІСКЕЙ – ТАМДЫ ЖАҚТАН»

Бүгін Түркістан өңірі қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовты еске алды. 15 тамыз туған күні құрметіне байланысты қала орталығындағы «Ақжайық» өнер мектебінде көрнекті композитордың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Тағзым шарасына қатысқан Түркістан облыстық мәдениет басқармасына қарасты облыстық филармония ұжымы композитордың таңдаулы әндерін орындап, көпшілікке ерекше музыкалық тарту жасады.

Бұл күні облыс аумағында Шәмші Қалдаяқовтың қазақ музыка өнеріне қосқан өлшеусіз үлесі, шығармашылық мұрасы мен ұлттық мәдениеттегі айрықша орны кеңінен дәріптелді.