Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +5° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Түркістанда 20 мың адамға арналған Рәміздер алаңы салынуда

Түркістанда 20 мың адамға арналған Орталық және Рәміздер алаңы салынуда.

Түркістанда 20 мың адамға арналған Рәміздер алаңы салынуда

Түркістан қаласының жаңа ауданында Орталық және Рәміздер алаңы құрылысы басталды. Бұл кеңістік ұлттық құндылықтарды дәріптеп, мемлекеттік рәміздердің мәнін насихаттауға арналады.

Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы жобамен танысып, мердігерлермен кездесіп, сәулеттік тұжырымдама мен жұмыс жоспарын талқылады.

Алаң 4 гектар аумақты алып, 12 мың шаршы метрі көгалдандыруға, 32 мың шаршы метрі қатты жабынға бөлінген. Сыйымдылығы 20 мың адамға есептелген, 700 автокөлікке арналған тұрақ қарастырылған.

Орталық алаңның сәулетінде ұлттық нақыш пен заманауи стиль үйлескен. Ортасында биіктігі 75 метр ту тұғыры орнатылады. Сонымен қатар жаяу жүргіншілерге арналған кең алаңдар, көгалдар, сәулеттік композициялар, музыкалық субұрқақтар мен демалыс орындары болады.

Әкім құрылыс сапасына және алаңдардың қала келбетіне үйлесімді болуына ерекше мән беруді тапсырды. Жоба жыл соңына дейін аяқталуы тиіс.