Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +5° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Түркістанда 20 мың адамға арналған Орталық және Рәміздер алаңы салынуда

Түркістанда 20 мың адамға арналған Орталық және Рәміздер алаңы салынуда.

Түркістанда 20 мың адамға арналған Орталық және Рәміздер алаңы салынуда

Түркістан қаласының жаңа аумағында Орталық және Рәміздер алаңы құрылысы басталды. Жаңа нысан ұлттық құндылықтарды дәріптеп, мемлекеттік рәміздердің мәнін насихаттайтын қоғамдық кеңістік ретінде жоспарланған.

Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы Рәміздер алаңының жобасымен танысып, құрылыс барысын бақылады. Мердігер мекеме өкілдерімен кездесуде сәулеттік тұжырымдама мен алдағы жұмыс жоспарлары талқыланды.

Жоба аумағы 4 гектарды құрайды. Оның ішінде 12 мың шаршы метр көгалдандыруға, 32 мың шаршы метр қатты жабындарға бөлінген. Нысанның сыйымдылығы 20 мың адамға есептелген, келушілерге 700 автотұрақ орны қарастырылған.

Орталық алаңның сәулеттік шешімінде ұлттық нақыш пен заманауи элементтер үйлескен. Алаңның орталық бөлігінде биіктігі 75 метрлік мемлекеттік ту тұғыры орнатылады. Сонымен қатар жаяу жүргіншілерге арналған кең алаңдар, көгалдандырылған аумақтар, сәулеттік композициялар, музыкалық субұрқақтар, демалыс орындары мен абаттандыру элементтері де жобаланған.

Қала әкімі нысанның сәулеттік ерекшеліктерін сақтай отырып, құрылыс жұмыстарының сапалы орындалуына және алаңдардың Түркістанның сәулеттік келбетіне үйлесімді болуына ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті.

Жоба жыл соңына дейін аяқталуы жоспарлануда.