Түркістан облысы әкімінің орынбасары тұрғындарды қабылдады
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев тұрғындарды қабылдап, олардың өтініш-тілектерін тыңдады. Мәселелер бойынша нақты тапсырмалар жүктелді.
Түркістан облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында тұрғындарды жеке қабылдау тұрақты түрде жалғасуда. Осыған орай облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев бекітілген кестеге сәйкес азаматтарды қабылдап, олардың өтініш-тілектерін тыңдады.

Қабылдау барысында тұрғындар мәдениет және ішкі саясат салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын білдіріп, өздерін толғандырған мәселелерді жеткізді. Әрбір сауалға жауап берген Ертай Алтаев көтерілген мәселелер бойынша жауапты басқарма басшылары мен тиісті мекеме жетекшілеріне нақты тапсырмалар жүктеді.
Сондай-ақ ол айтылған ұсыныстардың кезең-кезеңімен шешілуін бақылауда ұстайтынын атап өтті. Тұрғындар облыс әкімі орынбасарының қабылдауына egov.kz порталы, е-otinish бірыңғай базасы немесе «Ашық әкімдік» кеңсесіне келіп, жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.




