Тұрғын үй кезегіндегілердің деректері 14 қыркүйектен бастап тексеріледі
14 қыркүйектен бастап Қазақстанда тұрғын үй кезегіндегі азаматтардың деректерін түгендеу тәртібі өзгереді. Банк жеке келісімсіз-ақ мәліметтерді тексере алады.
14 қыркүйектен бастап Қазақстанда тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың есебінде тұрғандардың деректерін түгендеу тәртібі өзгереді. Бұл туралы Aikyn.kz хабарлады.
Жаңа тәртіпке сәйкес, банк азаматтың дербес деректерін жинауға және өңдеуге жеке келісімінсіз-ақ тексере алады. Бұрын мұндай тексеру үшін кезекте тұрған адамның келісімі талап етілетін.
Түгендеу барысында азаматтың отбасы құрамы, оның атында тұрғын үйдің бар-жоғы және тұрғын үй кезегінде тұру құқығына әсер ететін өзге де мәліметтер тексеріледі.
Егер азаматтың тұрғын үй кезегіне қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні анықталса, заңда көзделген негіздер бойынша ол кезектен шығарылуы мүмкін.
Ал тұрғын үйге шын мәнінде мұқтаж және белгіленген талаптарға сай азаматтарға ешқандай қосымша әрекет жасаудың қажеті жоқ.
Банк түгендеудің мақсаты кезекті қысқарту емес, тұрғын үй есебіндегі мәліметтерді жаңартып, кезекті әділ қалыптастыру екенін атап өтті.




