Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
10 тамыз 2026, дүйсенбі USD 469,9 EUR 541,6 RUB 5,71 CNY 69,7 Астана +19° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Транскаспий суасты талшықты-оптикалық желісі: Азия мен Еуропаны жалғайтын жаңа дәліз

Елімізде телекоммуникация саласындағы ең ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – Каспий теңізінің түбі арқылы тартылатын Транскаспий суасты талшықты-оптикалық байланыс желісін салудың негізгі кезеңі аяқталды.

Транскаспий суасты талшықты-оптикалық желісі: Азия мен Еуропаны жалғайтын жаңа дәліз

Елімізде телекоммуникация саласындағы ең ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – Каспий теңізінің түбі арқылы тартылатын Транскаспий суасты талшықты-оптикалық байланыс желісін салудың негізгі кезеңі аяқталды.

Суасты кабелі Қазақстан жағалауына сәтті жеткізіліп, «Қазақтелеком» АҚ мен AzerTelecom International компаниялары жүзеге асырып жатқан жобаның ең күрделі бөлігі аяқталды. Ақтау – Сумгайыт бағыты бойынша өтетін жаңа маршрут Қазақстан мен Әзербайжанның цифрлық инфрақұрылымын біріктіріп, Азия мен Еуропа арасындағы деректерді жоғары жылдамдықпен тікелей жеткізетін дәлізге айналады. Жоба халықаралық байланыс сенімділігін арттырып, екі елдің транзиттік әлеуетін күшейтеді.

Теңіздегі құрылыс жұмыстарының аяқталу барысымен кабель төсейтін кеменің бортында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин және AzerTelecom International компаниясының бас директоры Ана Накашидзе танысты.

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі жобаны жүзеге асыру үшін қажетті нормативтік, ұйымдастырушылық және кедендік рәсімдердің орындалуын қамтамасыз етті. Соның нәтижесінде құрылыс жұмыстары әкімшілік кідіріссіз жедел басталды.

Аталған жоба 2025 жылы басталған болатын. Мамандар инженерлік ізденістер жүргізіп, оңтайлы бағытты айқындап, кабелді сынақтан өткізді. Суасты кабелін төсеу жұмыстары 2026 жылдың шілде айында басталды. Құрылыс тәулік бойы су сыйымдылығы 20 мың тоннадан асатын мамандандырылған кеменің көмегімен жүргізілді. Жобаға 70 маман тартылды.

Қазіргі уақытта кабелді жағалаудағы инфрақұрылымға қосу жұмыстары жүргізілуде. Күзде жерүсті инфрақұрылымының құрылысын аяқтап, іске қосу-баптау жұмыстарын және жүйені кешенді тестілеуді аяқтау жоспарланып отыр.

Магистральды салу және оны кейіннен пайдалану жұмыстарына «Қазақтелеком» АҚ мен AzerTelecom International компанияларының бірлескен кәсіпорны – CaspiLink B.V. жауапты. Жоба бюджет қаражатын тартпай, операторлардың өз қаражаты есебінен жүзеге асырылуда.

Дереккөз: PrimeMinister.kz