Трамп Сауд Арабиясы, Түркия және Пәкістанның қорғаныс келісімін маңызды қадам деп атады
АҚШ Президенті Дональд Трамп Сауд Арабиясы, Түркия және Пәкістанның бірлескен қорғаныс келісімін маңызды қадам деп атап, ел басшыларын құттықтады.
АҚШ Президенті Дональд Трамп Сауд Арабиясы, Түркия және Пәкістан арасындағы бірлескен қорғаныс келісіміне оң бағасын білдірді. Бұл туралы ол өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде жазды.
«Сауд Арабиясы, Түркия және Пәкістанның жақында Меккеде бірлескен қорғаныс туралы келісімге қол қойғанына өте қуаныштымын. Бұл Таяу Шығыстың қалай бірігіп жатқанын және елдердің өздерін бұрынғыдан да тиімдірек қорғай алатынын көрсетеді», – деп жазды Дональд Трамп.
АҚШ Президенті сондай-ақ аталған елдердің басшыларын құттықтап, бұл қадамды «үлкен, батыл әрі маңызды алғашқы қадам» деп сипаттады.
Бұған дейін Трамптың отбасына криптобанк құруға алдын ала рұқсат берілгені хабарланған еді.




