Трамп Қазақстанды Тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады
АҚШ Президенті Дональд Трамп Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында құттықтау жолдап, екіжақты стратегиялық серіктестікті нығайтуға сенім білдірді.
АҚШ Президенті Дональд Трамп Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында құттықтау жолдады.
«Құрметті Президент мырза! Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында жылы лебізімді қабыл алыңыз!» – делінген құттықтауда.

Трамп атап өткендей, миллиондаған қазақстандық Астанада және елдің түкпір-түкпірінде 1991 жылы республика Тәуелсіздігі жарияланғаннан бері көздің қарашығындай сақтап, еселей түскен бай мәдениетін, тарихи мұрасын және қайталанбас келбетін ерекше мақтанышпен паш етеді.
«Мемлекеттеріміз арасындағы Кеңейтілген стратегиялық серіктестікті жоғары бағалаймын және мен президенттік лауазымды атқарған екі мерзімде қалыптасқан берік байланысты одан әрі нығайтамыз деп сенемін», – деп жалғастырды ол.
Сонымен қатар АҚШ Президенті Қазақстан халқының бағына орай, Сіз сияқты тегеурінді әрі батыл көшбасшысы бар екенін айтып, осы қуанышты сәтті бөлісуді өзі үшін зор мәртебе санайтынын жеткізді.




