Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
11 қазан 2026, жексенбі USD 453,9 EUR 508,7 RUB 5,35 CNY 67,8 Астана +2° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Трамп мұхитты өз атымен атауды ұсынды

Трамп мұхитты өз атымен атауды ұсынды
Сурет: baq.kz

АҚШ президенті Дональд Трамп өз қызметі аяқталғанша Атлант немесе Тынық мұхитының бірін «Трамп мұхиты» не «Америка мұхиты» деп атауды жоспарлап отырғанын айтты. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.

Теннесси штатындағы жақтастары алдында сөйлеген сөзінде ол: «Бізге мұхит керек. Сондықтан мен Атлант немесе Тынық мұхиты туралы ойладым. Оны “Трамп мұхиты” немесе “Америка мұхиты” деп атаймыз. Осыған ұқсас бір нәрсе. Мен қызметімнен кеткенше мұны істеуіміз керек», – деді.

Сонымен қатар АҚШ басшысы Миссисипи өзенінің атауын өзгертпейтінін жеткізіп, оған деген ықыласын білдірді.

Трамп Ормуз бұғазының атауын «Трамп бұғазы» деп өзгерту мүмкіндігін де қайтадан көтерді.

Бұған дейін ол Мексика шығанағын «Америка шығанағы», ал Онтарио көлін «Америка көлі» деп атауға қатысты жарлықтарға қол қойған. Бұл шешімдер федералдық органдар мен ресми карталарда аталған географиялық нысандардың атауларын қолдану тәртібін өзгертеді. Алайда болашақ президенттер бұл өзгерістердің күшін жоюға құқылы.