Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +5° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Трамп Иранмен байланысты қытай банктеріне санкция салуды жоққа шығармады

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен байланысты қытай банктеріне санкция салуды жоққа шығармады. Ол барлық шаралардың жарияланбайтынын айтты.

Трамп Иранмен байланысты қытай банктеріне санкция салуды жоққа шығармады
Сурет: baq.kz

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен ынтымақтасатын Қытай банктеріне қарсы санкциялар енгізуі мүмкін екенін айтты. Оның сөзінше, мұндай шаралардың барлығы жария етіле бермейді.

Ақ үйде өткен брифингте журналистер Трамптан Тегеранмен жұмыс істейтін Қытай банктеріне шектеу қою мүмкіндігі туралы сұраған. АҚШ президенті бұл сұраққа: «Мен мұны істемеймін деп кім айтты? Мен бәрін жариялауға міндетті емеспін», – деп жауап берді.

Бұған дейін АҚШ қаржы министрі Скотт Бессент Вашингтонның Иранның кіріс көздерін барынша шектеу үшін Тегеранға қарсы санкциялық қысымды күшейтетінін мәлімдеген еді. Ол жаңа шектеулерді сақтамайтын елдерге қатысты қайталама санкциялар қолдануға дайын екенін жеткізген.

Трамп сондай-ақ Вашингтонның қазіргі уақытта Иранмен келіссөз жүргізуге мүдделі емес екенін айтты. «Біз олармен сөйлескіміз келмейді. Кездесуге немесе соған ұқсас нәрсеге ұмтылмаймыз», – деді ол.

Сонымен қатар АҚШ президенті Ормуз бұғазының ашық екенін және ол арқылы «миллиондаған баррель мұнай» тасымалданып жатқанын атап өтті. Ақ үй бұған дейін Иранмен консультациялар Тегеран туындаған мәселелерді байыпты талқылауға дайын болған жағдайда ғана қайта басталуы мүмкін екенін мәлімдеген.