Тоқтар Серіков Бекжан Әшірбаевтың қазасына көңіл айтты
Әнші Тоқтар Серіков ақын Бекжан Әшірбаевтың қазасына байланысты отбасына көңіл айтып, естелігін бөлісті.
Әнші Тоқтар Серіков ақын, айтыскер, сазгер Бекжан Әшірбаевтың қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтты.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында марқұммен арадағы естелігін бөлісіп, ауыр қазадан күйзелгенін жеткізді.
«Орыны толмас өкініш болып тұр. Кеше ғана “Көршінің қызы” әнін алып келіп, осы әнді сен айтшы деп тапсырған еді. Жиырма бес жылдан артық уақыт өтіпті. Қайран Бекжан, замандасым-ай, бақұл бол. Ақындығыңның бір төбе, азаматтығыңның алып тау еді. Қош бол, қазақтың шыншыл ақыны», – деп жазды Тоқтар Серіков.
Әнші марқұмның жары мен балаларына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтты.
Бекжан Әшірбаев – ақын, айтыскер, сазгер әрі журналист. Ол көпшілікке танымал «Көршінің қызы» әнінің сөзін жазған.



