Тоқаев Бельгия королі мен патшайымын әуежайда қарсы алды
Мемлекеттік сапармен Қазақстанға келген Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елорда әуежайынан қарсы алды.

Король мен Патшайым мінген бортқа Қазақстан Республикасы Әскери әуе күштерінің ұшақтары мемлекет шекарасынан Астанаға дейін қапталдаса ұшты.

Ұшу алаңында мәртебелі меймандарды салтанатты түрде қарсы алу үшін Құрмет қарауылы ротасы мен Президенттік оркестр сап түзеді.






