Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +5° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Тоқаев халық жазушысы Валерий Михайловты 80 жылдығымен құттықтады

Тоқаев халық жазушысы Валерий Михайловты 80 жылдығымен құттықтады
Сурет: aikyn.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ақын, журналист, Қазақстанның халық жазушысы Валерий Михайловты 80 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Президенттің жеделхатында: «Табиғи талантыңыз бен еңбекқорлығыңыздың арқасында шығармашылық жолыңызда ерен табысқа қол жеткіздіңіз. Ұзақ жылдар бойы еліміздің беделді басылымдарында жемісті еңбек етіп, «Казахстанская правда» газеті мен «Простор» журналын басқардыңыз. Адамгершілігі мол әрі өмірлік ұстанымдарынан айнымаған тұлға ретінде қаламгерлер арасында және қоғамда үлкен құрметке бөлендіңіз», – делінген.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Валерий Михайловтың бірнеше буын оқырман қызыға оқитын шығармалары төл әдеби қазынамыздың бір бөлшегі ретінде лайықты бағаға ие болғанына назар аударды.