Тоқаев Үндістанмен байланыстың негізгі көрсеткіштерін атады
Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модимен кездесіп, екіжақты байланыстың негізгі көрсеткіштерін атады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модимен кездесу өткізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Кездесу барысында Тоқаев Модиді БРИКС саммитінің сәтті ұйымдастырылуымен құттықтап, іс-шараның халықаралық деңгейде жоғары деңгейде өткенін атап өтті. Президент Үндістанның әлемдік экономикадағы көшбасшылығын, ғылыми-техникалық саладағы жетістіктерін және халықаралық аренадағы беделін ерекше атады.
— Үндістан Сіздің парасатты әрі тегеурінді басшылығыңызбен прогресс пен орнықты даму жолында алға қарай нық қадам басып келеді, — деді Президент.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы қазақ-үнді қарым-қатынасының көптеген бағытта қарқынды дамып келе жатқанын жеткізді.
— Бүгінде Қазақстанда үнді капиталының үлесі бар 600-дей компания нәтижелі жұмыс істейді. Былтыр елімізге 150 мыңға жуық Үндістан азаматы келді. Қазақстанда көптеген үнді студенттері білім алып жүр. Сондай-ақ біз халықаралық ұйымдар аясында тығыз ықпалдастық орнаттық, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұған дейін Мемлекет басшысының «БРИКС плюс» саммитіне қатысқаны хабарланған болатын.




