Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +5° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Тоқаев Си Цзиньпинге Қытайдағы сел құрбандарына көңіл айтты

Тоқаев Си Цзиньпинге Қытайдағы сел құрбандарына көңіл айтты
Сурет: inform.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге Сицзан автономды ауданында болған жойқын сел салдарынан көптеген адам қаза тапқанына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент жақындарынан айырылған азаматтардың қайғысына ортақтасып, із-түзсіз жоғалған жандардың тез арада отбасына оралуына тілектестік білдірді.

Еске сала кетейік, кенеттен болған су тасқыны Непал-Қытай шекарасына жақын жерде көшкін тудырып, салдарынан жүздеген турист із-түзсіз жоғалып кетті.

Соңғы мәліметтерге сенсек, жоғалғандардың арасында 391 шетелдік турист және 93 непалдық азамат бар. Непал туризм кеңесінің мәліметінше, із-түзсіз жоғалған шетелдіктердің арасында Үндістанның 134, АҚШ-тың 47, Ұлыбританияның 33 және Аустралияның 34 азаматы бар.