Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
16 қазан 2026, жұма USD 454,1 EUR 509,2 RUB 5,41 CNY 67,9 Астана -1° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Тоқаев пен Әлиев Транскаспий цифрлық дәлізін іске қосуды талқылады

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің саммитінде Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске…

Тоқаев пен Әлиев Транскаспий цифрлық дәлізін іске қосуды талқылады
Сурет: aikyn.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің саммитіне шақырғаны және қонақжайлық танытқаны үшін Әзербайжан басшысы Ильхам Әлиевке алғыс білдіріп, форумның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.

Ол Әзербайжанның Кеңеске төрағалығы кезеңінде нақты бастамаларды ілгерілетуге және ұйымның халықаралық беделін нығайтуға қосқан сүбелі үлесіне назар аударды.

Кездесуде екі мемлекет басшысы өңірдегі бірегей жоба – Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосудың маңыздылығын талқылады. Теңіз табанымен тартылған желі екі елдің цифрлық байланысын күшейтіп, Еуропа мен Азия арасында тағы бір цифрлық дәліздің пайда болуына ықпал етеді. Осылайша, бүкіл өңір тың мүмкіндіктерге қол жеткізеді.

Президенттер сауда-экономикалық қарым-қатынастың қарқыны артып келе жатқанын мәлімдеп, өзара тауар айналымын 1 миллиард долларға жеткізуге ниетті екенін растады.

Сонымен қатар Қазақстанның энергия ресурстарын Әзербайжан арқылы тасымалдау ауқымын ұлғайту, өнеркәсіп, энергетика, көлік, логистика және ауыл шаруашылығы салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Тараптар мәдени-гуманитарлық ықпалдастық нығайып, білім беру, туризм салаларындағы әріптестік кеңейе түскенін және парламентаралық ынтымақтастық жанданып келе жатқанын жеткізді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев қазақ-әзербайжан стратегиялық серіктестігін одан әрі тереңдетуге, сондай-ақ екіжақты күн тәртібінің барлық бағыты бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды дәйекті түрде іске асыруға бейіл екенін растады.