Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Тоқаев Кореяға мемлекеттік сапармен аттанды

Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына мемлекеттік сапармен барды. Оны Сеул әуежайында Пэ Гён Хун күтіп алды.

Тоқаев Кореяға мемлекеттік сапармен аттанды
Сурет: inform.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына мемлекеттік сапармен барды. Бұл сапар Президент Ли Чжэ Мёңнің шақыруымен жүзеге асты. Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, Мемлекет басшысын Сеул әуежайында Премьер-министрдің орынбасары – Ғылым және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар министрі Пэ Гён Хун күтіп алды.

Сурет: inform.kz

Айта кетейік, 12 қыркүйек күні Мемлекет басшысы БРИКС XVIII саммитіне қатысу үшін Нью-Дели қаласына барды. Онда Президент Абу Дабидің Тақ мұрагерімен жүздесіп, АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Горды қабылдады. Сондай-ақ Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады.

Сурет: inform.kz

Мемлекет басшысы «БРИКС плюс» саммитіне қатысты. Жиында сөз сөйлеген Тоқаев трансшекаралық инфрақұрылымға төнген қауіп туралы айтты. Президент БРИКС аясында жасанды интеллект бойынша серіктестік құруды ұсынды. Президент Үндістан Премьер-министрін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырып, бірқатар елдің және халықаралық ұйымдардың делегация басшыларымен жүздесті.

Сурет: inform.kz
Сурет: inform.kz