Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +5° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Тоқаев Қазақстанның «Біртұтас Қытай» саясатын қолдайтынын мәлімдеді

Тоқаев Қазақстанның «Біртұтас Қытай» саясатын қолдайтынын мәлімдеді
Сурет: aikyn.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Синьхуа» агенттігіне берген сұхбатында Қазақстанның «Біртұтас Қытай» саясатын берік ұстанатынын және мемлекеттердің аумақтық тұтастығы қағидатының бұзылуына қарсы екенін айтты.

Мемлекет басшысы екі елдің халықаралық аренада белсенді ықпалдастық орнатып отырғанын, БҰҰ-ның орталық рөлін нығайту және қақтығыстарды бейбіт жолмен реттеу мәселелерінде ұқсас ұстанымдарды басшылыққа алатынын жеткізді.

«Қазақстан «Біртұтас Қытай» саясатын берік ұстанады және мемлекеттердің аумақтық тұтастығы қағидатының бұзылуына қарсы. Біз Біріккен Ұлттар Ұйымының орталық рөлін нығайту, халықаралық құқық қағидаттарын қорғау, медиация мен шынайы көпжақтылықты ілгерілету, сондай-ақ қақтығыстарды бейбіт жолмен реттеу мәселелері бойынша ұқсас ұстанымдарды басшылыққа аламыз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің сөзінше, Қазақстан БҰҰ, ШЫҰ және АӨСШК аясында Қытаймен өзара үйлесімді жұмысты жалғастырады, сондай-ақ «Орталық Азия – Қытай» форматындағы ынтымақтастықты толық қолдайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев биыл Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылғанына 25 жыл толуына тоқталып, ұйымның басты құндылығы – «Шанхай рухын» сақтап қалу екенін атап өтті. «Мен бұл қағидаттарды халықаралық ынтымақтастықтың өзіндік «стандарты» ретінде бағалаймын», – деді ол.

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы өзара іс-қимыл екіжақты байланыстармен шектелмейтінін, халықаралық және өңірлік ұйымдар аясында да ортақ ұстанымдар ілгерілетіліп жатқанын айтты.