Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +5° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Тоқаев: Қазақстан мен Қытай ынтымақтастығы жаңа белеске шықты

Қасым-Жомарт Тоқаев «Синьхуа» агенттігіне берген сұхбатында Қазақстан мен Қытай ынтымақтастығының жаңа белеске шыққанын, цифрлық экономика мен технологиялық…

Тоқаев: Қазақстан мен Қытай ынтымақтастығы жаңа белеске шықты
Сурет: aikyn.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Синьхуа» агенттігіне берген сұхбатында Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық серіктестік сауда, инвестиция, энергетика және көліктен бастап, ғылым, білім, медицина мен мәдениетке дейінгі барлық саланы қамтитынын айтты.

Президенттің атап өтуінше, екі ел арасындағы ықпалдастық дәстүрлі бағыттардан цифрлық экономикаға дейін кеңейіп келеді. «Стратегиялық серіктестігіміздің шын мәнінде жан-жақты сипат алғанын ерекше атап өткім келеді. Ол сауда, инвестиция, энергетика мен көліктен бастап, өнеркәсіптік кооперация, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, медицина, ғылым, білім және мәдениетке дейінгі барлық негізгі саланы қамтып отыр. Қазақстан мен Қытай арасында ықпалдастықтың жаңа белесі басталды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы технологиялық ынтымақтастықтың да маңызды бағытқа айналатынын жеткізді. Оның сөзінше, цифрлық экономика, зияткерлік өндіріс, электрондық коммерция, ғылыми зерттеулер және кадр даярлау салаларында бірлескен жобаларға екі тарап та мүдделі. «2026 жыл Қазақстанда Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды. Жуырда Жасанды интеллект жөніндегі дүниежүзілік конференцияға қатысу үшін Шанхайға барған сапарымда Қытайдың жетекші технологиялық компанияларының басшыларымен мазмұнды кездесулер өткіздім», – деді Президент.

Сонымен қатар Тоқаев білім және мәдениет саласындағы байланыстарға тоқталды. Қытайда ондаған мың қазақстандық студент білім алып жатса, Қазақстан университеттерін таңдайтын қытай азаматтарының саны артып келеді. Елімізде Қытайдың жетекші жоғары оқу орындарының филиалдары мен «Лу Бань шеберханалары» жұмыс істеп, академиялық ұтқырлық бағдарламалары кеңейіп жатыр. 2026 жылы екі елдің «Мәдениет жылын» өткізуі тікелей қарым-қатынастардың дамуын көрсетеді деп күтілуде.

Бүгінде қытайлық әріптестермен бірлескен ғылыми орталықтар мен зертханалар құрылып, ҚазҰУ базасында жұмыс істеуде. Жерсерік желісін құру бағытында ҚазҰУ Қытайдың Солтүстік-Батыс политехникалық университетімен бірге ғарышқа микроспутник ұшырды. Бұл – қазақстандық жоғары оқу орындары арасындағы тұңғыш осындай жоба.