Тоқаев Ғизат Нұрдәулетовке алғыс білдірді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ғизат Дәуренбекұлы Нұрдәулетовке ел игілігі жолындағы табысты әрі адал қызметі үшін алғыс айтты. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап Aikyn.kz хабарлады.
Президент Ғизат Дәуренбекұлының кәсіби біліктілігі мен қажыр-қайратын ел мүддесін қорғау мен тұрақтылығын нығайтуға арнағанын атап өтті.
Сонымен қатар ол мемлекеттік саясатты ілгерілетуге және ауқымды реформаларды сәтті жүзеге асыруға айрықша атсалысқанына тоқталды.




