Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +7° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Тоқаев Дүниежүзілік кеден ұйымы басшысын «Достық» орденімен марапаттады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Дүниежүзілік кеден ұйымының Бас хатшысы Иэн Сондерспен кездесіп, оны II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

Тоқаев Дүниежүзілік кеден ұйымы басшысын «Достық» орденімен марапаттады
Сурет: inform.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Дүниежүзілік кеден ұйымының Бас хатшысы Иэн Сондерспен кездесу өткізді.

Президент Қазақстанның кеден заңнамасын жетілдіру және кедендік әкімшілендіру тиімділігін арттыру ісінде Дүниежүзілік кеден ұйымымен ынтымақтастықтың маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ ол Қазақстанның Еуразиядағы көлік қатынасын нығайтуға, жүк тасымалына қолайлы жағдай жасауға баса мән беріп жатқанын, «ақылды шекара» моделін дамытып, кеден рәсімдерін оңтайландыру үшін цифрлық шешімдерді кеңінен қолданып жатқанын жеткізді.

Өз кезегінде Иэн Сондерс Қазақстан мен ұйым арасындағы қарым-қатынас қарқынына жоғары баға беріп, еліміздің кедендік әкімшілендіруді жетілдіруде, заманауи цифрлық шешімдерді енгізуде және тиісті органдардың институционалдық құзыретін нығайтуда елеулі табысқа жеткенін айтты.

Кездесу барысында тараптар 30 жылдан астам уақыт бойы жалғасып келе жатқан өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бейіл екенін растады. Сонымен қатар әлемдік саудадағы сын-қатерлер мен үдерістер жөнінде пікір алмасып, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту және Орталық Азия өңірінің көлік-логистика әлеуетін арттыру перспективасына ерекше назар аударды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев серіктестік пен достық байланыстарды нығайтуға қосқан үлесі үшін Дүниежүзілік кеден ұйымының Бас хатшысы Иэн Сондерсті II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.