Тоқаев Бельгия королі мен патшайымын шығарып салды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен келген Бельгиялықтар Королі Филипп пен Патшайым Матильданы елорда әуежайынан шығарып салды.

Астанадағы ресми кездесулер мен мәдени шаралар аяқталған соң, мәртебелі меймандар Алматыға аттанды. Корольдік отбасының сапары оңтүстік мегаполисте жалғасады деп күтілуде.







