Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
22 қазан 2026, бейсенбі USD 448,6 EUR 503,8 RUB 5,48 CNY 67,2 Астана +3° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Тоқаев атом саласының 2026 жылғы есебін қабылдады

Тоқаев атом саласының 2026 жылғы есебін қабылдады
Сурет: aikyn.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа атом өнеркәсібі мен энергетика саласындағы агенттіктің 2026 жылы атқарған жұмысының негізгі нәтижелері туралы есеп таныстырылды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Кездесу барысында Президентке атом өнеркәсібі мен энергетика жөнінде мәлімет берілді. Атап айтқанда, АЭС құрылысы, атом ғылымы мен инновацияларды дамыту, маман даярлау және саладағы жобалардың отандық үлесін арттыру мәселелері көтерілді.

Сонымен қатар Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құру, радиоактивті қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру, ядролық және радиациялық қауіпсіздік саласындағы нормативтік-құқықтық базаны нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы ұлттық атом энергетикасын ілгерілету мәселелерін айрықша бақылауда ұстауды, сондай-ақ Атом саласының даму стратегиясы аясында айқындалған міндеттерді жүзеге асыру жөнінде уақытылы шаралар қабылдауды тапсырды.