Тоқаев ақын Марфуға Ғалиқызын 90 жасқа толуымен құттықтады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ақын Марфуға Ғалиқызын 90 жасқа толуымен құттықтап, оның ұлттық әдебиетке қосқан үлесін атап өтті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті ақын, қоғам қайраткері Марфуға Ғалиқызын мерейтойымен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент жеделхатында ақынның ғибратты ғұмырын ұлттық әдебиет пен мәдениетті дамытуға, қазақ поэзиясының өрісін кеңейтуге арнағанын атап өтті.
«Қазақтың дарқан даласы мен тамыры терең тарихын, ұлтымыздың ынтымақ-бірлігі мен салт-дәстүрін өршіл де сыршыл өлеңдеріңізге арқау еттіңіз. Оқырман қауым жырларыңызды сүйсініп оқиды және өзіңізді «Қазақтың жыр Аққуы» деп ардақтайды. Алдағы уақытта да өнегелі өміріңізбен өскелең ұрпаққа үлгі болып, ел-жұрттың ортасында сый-құрметке бөлене беруіңізге тілектестігімді білдіремін», – делінген құттықтауда.




