Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
10 тамыз 2026, дүйсенбі USD 469,9 EUR 541,6 RUB 5,71 CNY 69,7 Астана +19° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Team KZ «Болашақ ойындары – 2026» турнирінде CS 2 бойынша чемпион атанды

Team KZ «Болашақ ойындары – 2026» турнирінде CS 2 бойынша чемпион атанып, 50 мың доллар жүлде ұтып алды.

Team KZ «Болашақ ойындары – 2026» турнирінде CS 2 бойынша чемпион атанды
Сурет: aikyn.kz

Қазақстандық Team KZ командасы «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық турнирінде Phygital Shooter CS 2 дисциплинасы бойынша топ жарды. Финалдық матчта отандастарымыз Liga Pro Team командасымен кездесіп, тартысты бәсекеде 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Шешуші ойындағы карталардың нәтижелері келесідей болды: Dust2 – 13:1, Neo Data – 1:13, Nuke – 13:9. Алғашқы картада Team KZ қарсыласынан айқын басым түсіп, 13:1 есебімен жеңіске жетті. Алайда екінші картада Liga Pro Team таразы басын теңестіріп, дәл осындай есеппен басым түсті.

Чемпионды анықтаған Nuke картасында қазақстандық ойыншылар жоғары шеберлік көрсетіп, матчты 13:9 есебімен өз пайдасына аяқтады. Осылайша Team KZ турнирдің алтын жүлдесін иеленді.

Чемпиондық атақпен бірге қазақстандық команда 50 мың АҚШ доллары көлеміндегі жүлдеге қол жеткізді. Ал Phygital Shooter CS 2 дисциплинасының жалпы жүлде қоры 150 мың АҚШ долларын құрады.

Осылайша Team KZ халықаралық аренада Қазақстанның киберспорттағы тағы бір жарқын жеңісін тіркеді.