Қазақстанда шетелдік туристерге Tax Free жүйесі енгізілуде
Қазақстанда шетелдік туристерге сатып алынған тауарлар үшін ҚҚС қайтаруға мүмкіндік беретін Tax Free пилоттық жобасы іске асырылуда.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті шетелдік туристерге сатып алған тауарлары үшін қосылған құн салығын қайтару мүмкіндігін беретін пилоттық жобаны іске асырып жатыр. Бұл туралы Қаржы министрінің 2026 жылғы 4 маусымдағы № 363 бұйрығына сәйкес хабарланды.
Аталған жоба ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтарын қоспағанда, шетелдік туристерге қатысты қолданылады. Олар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерге әкеткен тауарлары үшін ҚҚС сомасын өтей алады.
Пилоттық жоба Алматы, Астана, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Балқаш, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Семей, Тараз, Түркістан, Орал, Өскемен (Қатонқарағай) және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ақмола облысының Бурабай кентіндегі стационарлық сауда нысандарында жүзеге асырылады.
ҚҚС өтемақысы Tax Free жүйесінің операторы арқылы беріледі. Ол үшін шетелдік турист азық-түлікке жатпайтын тауарларды жалпы сомасы кемінде 10 АЕК (2026 жылы – 43 250 теңге) көлемінде сатып алуы қажет.
Tax Free құжатын сатушы ҚҚС сомасы көрсетілген кассалық чек негізінде қағаз немесе электронды түрде ресімдейді.




