Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Тауда адасқан турист қызды құтқарушылар аман алып шықты

Алматы облысындағы Іле Алатауының таулы аймағында адасып кеткен турист қызды ТЖМ құтқарушылары аман алып шықты.

Тауда адасқан турист қызды құтқарушылар аман алып шықты
Сурет: aikyn.kz

Алматы облысындағы Іле Алатауының биік таулы аймағында адасып қалған әйел адамды ТЖМ құтқарушылары қауіпсіз жерге жеткізді.

Оқиға Қарасай ауданындағы Вечерняя тауы маңында, теңіз деңгейінен 3000 метрден астам биіктікте тіркелген. Турист тау жолынан жаңылып, өз бетінше төмен түсе алмаған. Көмекке шақырған қоңырау түнгі уақытта құтқарушыларға түскен.

«Барыс» республикалық құтқару қызметінің мамандары дереу іздестіру шараларын бастады. Бастапқыда турист көрсеткен координаттар бойынша оны табу мүмкін болмаған. Кейін байланыс үзілгеніне қарамастан, құтқарушылар шатқал бағытын тексеруді жалғастырған.

Ақырында турист табылып, қауіпсіз аймаққа жеткізілді. Оның денсаулығы жақсы, медициналық көмек қажет болмаған.