Татьяна Генелева Азия сериясында күміс алды
Қытайдың Гуйян қаласында маунтинбайктан Азия сериясының турнирі мәресіне жетті. Қазақстандық спортшы Татьяна Генелева әйелдер арасындағы ХСС дисциплинасында екінші орынға ие болды.
Отандасымыз бәсекеде 25:06 уақыт көрсетіп, күміс жүлдені қанжығасына байлады. Алтын медаль қытайлық Тин Ванға бұйырды — ол қашықтықты 24:14-те жүріп өтті. Қола жүлдені тағы бір қытайлық спортшы Цзыи Чжан иеленді.
Бұл туралы ҚР ҰОК мәлімдеді.




