Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +5° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Таразда көпқабатты үйде өрт: 79 адам эвакуацияланды

Тараздағы Ұлы дала шағынауданында бес қабатты үйдің пәтерінде өрт болып, 79 адам эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ.

Таразда көпқабатты үйде өрт: 79 адам эвакуацияланды
Сурет: aikyn.kz

Тараз қаласындағы Ұлы дала шағынауданында орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтерде жиһаз өртенді. Бұл туралы Aikyn.kz хабарлады.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері жедел жетті. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ғимараттан баспалдақ арқылы 79 адам, оның ішінде 23 бала эвакуацияланды.

Өрт 2 шаршы метр аумақта сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтауға шақырады: электр құрылғыларын қараусыз қалдырмау, ал төтенше жағдай туындаған кезде дереу 112 нөміріне хабарласу қажет.